Рустам Хальфин
мұрасы қоры

Вниз

Суретшінің шығармашылық мұрасын сақтау және зерттеу үшін құрылған қазақстандық қоғамдық қор.

«Танымал ғалым және Рустамның туған бауыры – менің әкем суретшінің мұрасын ретке келтіруді сұрады. Мұны жүзеге асырудың ең дұрыс жолы Қазақстандағы ең беделді және танымал мамандардан тұратын қамқорлық кеңес басқаратын қор құру екенін түсіндім. Қазан айында заңды тұлға ретінде тіркедік. Қор – қазір тәуелсіз жария институция», – дейді суретшінің мұрагері және қордың негізін қалаушы Руслан Хальфин.

Қордың басты мақсаты – Рустам Хальфин шығармашылығының ел және әлем деңгейінде мойындалуына қол жеткізу.

Қор міндеттері:

  • Рустам Хальфин жұмыстарының каталогын әзірлеу және жариялау,
  • цифрлы мұрағат құру,
  • суретші жұмыстарының көрмелерін ұйымдастыру,
  • жас суретшілерге арналған жыл сайынғы жүлде тағайындау,
  • шығармашылық музейін құру,
  • суретшінің шығармашылық мұрасын зерттеу үшін білім ұйымдарымен серіктестік орнату.